Ссылки доступа

Өзбекстан шетелге шығу паспорттарын дайындау ісін жеңілдетті


Өзбекстан азаматтардың шетелге шығатын биометрикалық паспортын дайындау ісін жеңілдетті, деп хабарлады Мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.

Паспортты мемлекеттік қызметтер орталықтары немесе ішкі істер органдарында дайындатуға болады.

Қағаз сауалнама-өтініш толтыру ісі жойылды. Енді оны электронды түрде толтырады. Қызмет ақысын QR-код көмегімен төлеуге болады.

Бұған қоса, қызметтің осындай түрін алушылардан сұралатын анықтамалар мен құжаттар тізімі қысқарды. Атап айтқанда, паспорт алуға келген азаматтан әскери билет көшірмесін сұратпайды.

Ата-аналардан кәмелет жасқа толмаған балаға паспорт алу үшін нотариуста бекітілген келісім талап етілмейді.

Өтініш иелері мемлекеттік қызмет түрін алу ісі қалай жүріп жатқанын SMS-хабарламалардан біле алады.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының бірқатары шетелге шығу паспорттын дайындай бастады. Жыл аяғына дейін елдегі барлық орталықтар осындай қызмет түрін көрсетеді деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG