Мәліметті Украина премьер-министр Денис Шмыгаль да растады.
Көмек Украина ішінде бір жерден екінші бір жерге қоныс аударуға мәжбүр болғандарға, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін шаруаларға, сонымен бірге білім беру ісіне бөлінеді.
Бұның алдында Еуроодақ Украинаға 5 млрд eуро көмек бөлетіні хабарланған. Қаражат украин азаматтарының айлығы мен көмекақысын төлеу секілді шығындарды жабуға аударылады.
Бұған қоса, Ақ үй АҚШ Конгрессінен әскери тікұшақтар сатып алуға, Киев бюджетіне көмектесуге $11,7 млрд сұратуды жоспарлап отырғаны мәлім болды. АҚШ президентінің әкімшілігі қаражатты 2023 жылдың алғашқы тоқсанында алғысы келеді.