Ссылки доступа

Ташкент-Душанбе пойызының билеті 20 пайызға арзандады


Биылғы 6 қыркүйектен бастап "Душанбе-Ташкент-Душанбе" бағытымен жүретін халықаралық №301/302 жолаушы пойызының билеті 20 пайызға арзандады.

"Узтемирйуловчи" мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Узбекистон темир йуллари" мен Тәжікстан темір жолдары компаниялары басшыларының дүйсенбідегі келіссөздерінде осындай шешім қабылданды.

Бұның алдында, Тәжікстан президентінің Өзбекстанға сапары кезінде биылғы 20 маусымда Ташкент-Душанбе жолаушы пойызын жолға шығару туралы келісім жасалған.

"Узбекистон темир йуллари" сайтында осы бағытта қатынайтын жолаушы пойызына отыру билетінің бағасы 478440 сумнан ($44) басталады.

Душанбе мен Ташкент арасы 916 км. Жол жүру уақыты — 21 сағат.

Халықаралық жолаушы пойызы Тәжікстан мен Өзбекстан астаналары арасында аптасына бір мәрте қатынайды.

XS
SM
MD
LG