Ссылки доступа

Дереккөздер: Тәжікстан билігі исмаилиттердің діни білім ұйымын жапты


Исмаилитский центр в Душанбе
Исмаилитский центр в Душанбе

Тәжікстанда Исмаилиттер ағымының діни білім беру жөніндегі кеңесі (ITREB - Ismaili Tariqahand Religious Education Board) жабылды, деп хабарлады Озоди радиосының дереккөздері. Билік бұл ұйымды жапқанын жоққа шығарып, оның қызметіне қатысты мәселе әлі қаралып жатыр деп мәлімдеді.

Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы Жамағаттарды дамыту жөніндегі комитетінің бір қызметкері 6 қыркүйекте Азаттықтың тәжік қызметі - Озоди радиосына аймақтағы жамағаттардың бәрі тексерілгенін айтты. Өткен айда дін комитетінің жұмыс тобы аймақта болған.

"Біз осы жұмыс тобының қорытындысын күтіп жүрміз. Исмаилиттер тариқатының діни білім жөніндегі кеңесі мен Жамағаттарды дамыту комитетінің тағдырына қатысты қандай шешім қабылданатынын білмейміз", дейді аты-жөні аталғанын қаламаған дереккөз.

ТБАО Жамағаттарды дамыту жөніндегі комитеті 2012 жылы Душанбеде, екі жылдан соң Хорогта құрылды. Ұйым ресми түрде тіркелген.

Биыл мамырда Хорогтағы жағдай шиеленісіп кеткен соң жергілікті жамағатханалардағы діни білім беру ісі тоқтады, деп хабарлады Хорогтың үш тұрғыны Озоди радиосына. Олардың арасында Исмаилиттер тариқатының діни білім жөніндегі кеңесінің бір мұғалімі де бар.

Билік Таулы Бадахшандағы діни білім жағдайы туралы пікір білдіруден бас тартты.

ТБАО Тәжікстанның шығысында орналасқан ірі аймақ. Мұнда 250 мыңға жуық адам тұрады. Тұрғындардың дені исмаилизмді (ислам дініндегі шиит ағымының бір тармағы) ұстанады.

XS
SM
MD
LG