Ссылки доступа

Тәшиев: Қырғызстанда арнайы қызметтің елу шақты жаңа ғимараты салынды


Қырғызстанда кейінгі уақытта Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің 50 шақты жаңа ғимараты бой көтерді. Арнайы қызмет төрағасы Қамчыбек Тәшиев "Регион" телеарнасына осылай деп хабарлады.

Шенеуніктің мәлімдеуінше, "ҰҚМК-ге көңіл бөлінбеді, қызметкерлері біреулердің үйлерінде, бөтен ғимараттардағы бөлмелерде немесе кітапханаларда жұмыс істеуге мәжбүр болды".

"ҰҚМК-нің бір де бір ғимараты салынбады. Біз былтырдан бастап осы істі қолға алдық, ел аймақтарында елуге жуық ғимарат салынды, 150 автокөлік және 100 данадан астам арнайы техника, көптеген жаңа құрал-жабдық алынды", - деді Тәшиев.

Комитет төрағасы жаңа ғимараттардың құрылысына қанша ақша жұмсалғанын, оны қайдан алғанын айтпады.

Бұның алдында ҰҚМК 2021 жылдан бері 11 жаңа нысан ашылғанын хабарлаған. 3 наурызда Бішкекте Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің академиясы салына бастады. Бұған қоса астанада комитет қызметкерлерінің үйі бой көтеріп, тағы біреуінің құрылысы Талас облысында басталды.

XS
SM
MD
LG