Ссылки доступа

Ташкенте бесінші қабаттан құлай жаздаған қыз құтқарылды (видео)


Ташкенттің Сергелі ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің бесінші қабатында құлауға шақ қалған 14 жастағы қыз құтқарылды. Бұл туралы Өзбекстан төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, 6 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 09:47-де Ташкент қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бөліміне Д.К. есімді азамат хабарласып, Сергелі ауданындағы тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеде 14 жастағы қыз салбырап тұрғанын айтты.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жылдам жетіп, кәмелет жасқа толмаған қызды арнайы техниканың көмегімен құтқарып қалды.

Министрлік қыздың неге бұлай жасағаны туралы ешқандай мәлімет береді.

XS
SM
MD
LG