Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев Қазақстанға ормандағы өрт салдарын жоюға көмектескісі келеді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 6 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонмен сөйлесті, деп хабарлады өзбек президентінің баспасөз қызметі.

Әңгіме басында мемлекет басшысы Қазақстан президентіне Қостанай облысында орман өртенуіне байланысты қолдауын білдіріп, табиғат апаты салдарын жоюға көмектесуге әзір екенін айтты.

Екі елдердің президенттері стратегиялық әріптестік пен одақтас қарым-қатынасты одан әрі нығайту, басымдыққа ие бағыттарда тәжірибе алмасуды кеңейту мәселелерін талқылады.

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Президенттер аймақ мәселелеріне қатысты ұстанымдарымен бөлісті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қыркүйекте Самарқанд қаласында өтетін саммитінің күн тәртібі де сөз болды.

XS
SM
MD
LG