Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары педофилдер үшін өлім жазасын енгізуді ұсынды


Жогорку Кенештің 7 қыркүйектегі отырысында депутаттардың бірқатары Қадамжай ауданында мектеп оқушысына көрсетілген зорлық оқиғасын көтеріп, педофилдерге жазаны күшейту төңірегіндегі ойларымен бөлісті.

Депутат Ырысбек Атажанов ішкі істер министрін парламентке шақырып, осы іске қатысты есебін тыңдауды ұсынды.

"Ұлттың қасіреті, бірінші мәрте емес. Бізге батылырақ қимылдап, педофилдерге өлім жазасын енгізу керек. Комиссия құрайық, заңды өзгерту жолдарын саралайық", - дейді парламент өкілі.

Осы мәселе төңірегінде сөз қозғаған депутаттар Әлішер Козуев пен Тазабек Икрамов заңды өзгертуді қолдаса, депутат Шолпан Сұлтанбекова балаларды қорғау тақырыбы бойынша "үкімет күнін" өткізуді, үкіметпен заңды өзгерту жағын талқылауды ұсынды.

Депутат Марлен Маматәлиев балаларға зорлық көрсеткендерге жазаны күшейтуді қарастыратын заң жақында ғана қабылданғанын әріптестеріне ескертіп өтті.

"Біз жақсы заң қабылдадық, зорлық жасаушылардың жазасы күшейтілді, олар рақымшылықпен немесе мерзімінен бұрын босап шыға алмайды. Біз жаза түрлеріне өмірлік түрме жазасын да қостық", - деді ол.

4 қыркүйекте Ош—Раззаков күре жолының бойындағы Ноогардан ауылында селден қорғайтын тоннелде 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен Қадамжай ауданының үш тұрғыны ұсталды.

XS
SM
MD
LG