Ссылки доступа

Венгрия Еуроодақтан Әлішер Османовты санкция тізімінен шығаруын сұрады


Венгрия Еуроодақтан ресейлік кәсіпкерлер Әлішер Османов, Петр Авен және Виктор Рашниковты санкция тізімінен шығаруын сұрады. Бұл туралы Politico хабарлады.

Есесіне Будапешт Украина аумағына басып кірген Ресейге қарсы жарияланған санкцияларды жалғастыруға қарсы шықпауға уәде берді.

Еуроодақ Мәскеуге қарсы санкцияларды тағы жарты жылға созу-созбау мәселесін 15 қыркүйекке дейін шешуі тиіс. 7 қыркүйекте ЕО елдерінің елшілері осы мәселені талқылайды.

Санкция тізімін қабылдау үшін ЕО мүшелерінің ешқайсы қарсы шықтауы тиіс. Бұл тізімде 1217 жеке тұлға және 108 заңды тұлға бар.

Еуроодақ Әлішер Османов пен Петр Авенді санкция тізіміне биыл ақпан айының аяғында қосқан. ЕО-ның ресми журналы Османовты "кремльшіл олигарх, Ресей президенті Владимир Путинмен өте жақын араласады" деп сипаттаған. Мәліметтерге қарағанда, Әлішер Османов Путинге тиесілі кәсіппегі мәселелерді шешуге қатысқан.

Авенді де Кремльге жақындығы бар, Путинмен жиі кездесетін ресейлік кәсіпкерлер санатына жатқызады.

Виктор Рашников Ресейдегі ең ірі салық төлеушілердің бірі, Магнитогорск металлургия комбинатының қожайыны ретінде санкция тізіміне енген.

XS
SM
MD
LG