Ссылки доступа

Өзбекстанда балабақшадан қашқан төрт жастағы бала өзенге ағып кетті


Ферғана облысындағы Өзбекістан ауданында №23 мемлекеттік балабақшаның төрт жастағы тәлімгері өзенге ағып кетті.

Мектепке дейінгі білім министрлігі арнайы жарлықпен тиянақты тексеру тағайындады. Соның нәтижесінде мемлекеттік мекемеде өрескел тәртіп бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов хабарлады.

Мәлім болғандай, 21 шілдеде балабақша жетекшілері мен тәлімгерлерінің салақтығы салдарынан төрт жастағы бала мекеме аумағынан өзі кетіп қалған. Үйіне жақын маңдағы жолда оның аяғы тайып кетіп, өзенге құлап өлген.

Тексеру кезінде бұл бала балабақшадан талай рет кетіп қалғаны анықталған, алйда мекеме қызметкерлері бұл жайтты тексеруші органдардан жасыруға тырысқан.

Құқық қорғау органдары №23 балабақша жетекшілері мен қызметкерлерінің үстінен "кәсіби міндетін тиянақты атқарғананы үшін" қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG