Ссылки доступа

Тәжікстан Пәкістанға гуманитарлық көмек берді


Наводнение в Пакистане

Тәжікстан су тасқынынан қатты зардап шеккен Пәкістанға гуманитарлық көмек жолдады. Жүк Пәкістанға ауған аумағы арқылы жеткізіледі.

Табиғат апатынан зардап шеккендерге аса қажет заттар тиелген 130 автокөлік 7 қыркүйекте Душанбеден ауған-тәжік шекарасына қарай жолға шықты. Гуманитарлық жүкте 1 мың тонна көмір, 500 тонна ұн, 500 тонна ауызсу, 2 мың дана шифер бар. Үш мың тоннадан асатын жүк 12 миллион сомони тұрады.

Тәжікстан жолдаған гуманитарлық жүк тәжік-ауған шекарасына дейін жеткізіледі, сол жерде оны Пәкістан билігінің өкілдері қабылдап алады.

Пәкістанның үштен бір аумағына зақым келтірген су тасқынынан 1343 адам қайтыс болды. 33 млн адам зардап шекті. БҰҰ мәліметінше, шамамен 500 мың адам қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Табиғат апаты миллионға жуық тұрғын үйді бүлдірді. Пәкістан билігі 10 млрд долларға жуық шығынға батқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG