Ссылки доступа

Душанбеде ҰҚМК-ның бұрынғы қызметкерінің соты басталды


Мамадсултон Мавлоназаров (Мухаммади Султон)
Мамадсултон Мавлоназаров (Мухаммади Султон)

Тәжікстан астанасында мемлекеттік қауіпсіздік органының бұрынғы қызметкері Мамадсұлтон Мавлоназаровтың (Мұхаммади Сұлтон) үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды.

Душанбе қаласындағы Сино ауданы сотының судьясы 7 қыркүйекте басталған сотта Мамадсұлтон Мавлоназаров "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге үндеді", "билік өкілінің ар-ұжданына нұқсан келтірді" деп айыпталғанын хабарлады.

Сотталушының туыстарының айтуынша, бір апта бұрынғы кездесуде Мавлоназаров тағылған айыптарды жоққа шығарып, кінәсізбін деп санайтынын мәлімдеген.

Сот өкілдері сотталушының туыстарына сот ашық өтетінін айтты. Алайда сот отырысына БАҚ өкілдерін қатыстырмады.

Мамадсұлтон Мавлоназаров 16 маусымда Душанбедегі пәтерінде ұсталды. "Оған киінуге де мұрсат береді, жалаңаяқ адамды көлікке салып әкетті", деген арнайы қызметтің бұрынғы өкілінің бір туысы.

72 жастағы Мамадсұлтон Мавлоназаров 70-жылдары "Комсомоли Точикистон" ("Тәжікстан комсомолы") жастар газетінде істеген, содан кейін Тәжікстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне ауысып, ширек ғасырын арнайы қызметке арнаған. Кейінгі кездері Мавлоназаров әлеуметтік желілерде Тәжікстан ҰҚМК басшыларын жиі сынап жүрген.

XS
SM
MD
LG