Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары мигранттарды қорғайтын жеке мекеме ашуды ұсынды


Жогорку Кенештің бірқатар депутаты 8 қыркүйектегі отырыста мигранттар мәселесін көтерді. Нұржігіт Қадырбеков көші-қон саласына жауапты жеке мемлекеттік құрылым ашуды ұсынды.

"Біз миграция мәселесін түрлі мекемелерге тапсырамыз – кейде Әлеуметтік даму министрлігіне, кейде Денсаулық сақтау министрлігіне, ал кейде Сыртқы істер министрлігіне көшеді. Салаға бір адамға ғана жауап беретіндей жеке құрылым керек", - дейді депутат.

Депутат Эмиль Жамгырчиевтің пікірінше, мигранттардың өз омбудсмені болғаны жөн. Ол мигранттардың құқығын қорғаумен айналысады. Парламент өкілінің айтуынша, мигранттар мәселесі қандайда бір қайғылы оқиға бола қалғанда ғана көтеріліп жүр.

Биыл тамыз айында Ресейдің Ульянов облысындағы ірі жол апатынан Қырғызстанның 14 азаматы мерт болды.

Ресми мәлімет бойынша, 1 млн 118 мың қырғызстандық шетелде жұмыс істеп жүр немесе уақытша тұрып жатыр. Олардың 1 млн 63 мыңы Ресейде жүр.

XS
SM
MD
LG