Ссылки доступа

Қырғызстан халқы 7 миллионға жуықтады


Қырғызстан халқының саны 6 млн 977 мың адамға жетті. Халық санағын өңдеумен айналысып жүрген Ұлттық статистика комитеті осындай мәлімет таратты.

Мәліметке қарағанда, республика халқы 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 1,6 млн адамға өскен, бір жылдағы орташа өсім 2,1% болған.

Биыл көктемде Қырғызстанда халық санағы алғаш рет электронды форматта өтті. Науқан 2020 жылы ұйымдастырылуы керек болған, бірақ ковид індетіне байланысты екі мәрте кейінге қалған.

Соңғы рет Қырғызстанда халық санағы 2009 жылы ұйымдастырылған. Сол кезде республикада 5,3 млн адам тұратыны анықталған.

XS
SM
MD
LG