Ссылки доступа

Әндіжанда бұрынғы әкім мен тағы 43 шенеунікті соттап жатыр


Бахромжон Хайдаров

7 қыркүйекте Өзбекстанның Ферғана облыстық сотында Әндіжан қаласының бұрынғы басшысының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. Қаланың бұрынғы басшысы мен оның жақтастарына бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.

Айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушылар 63 миллиард сумнан ($5,8 млн.) артық қаражат жымқырған. Оларға жеті түрлі айып тағылған.

Қылмыстық іс 29 ер азамат пен 15 әйелдің үстінен қозғалған. 34 күдікті қамауға алынса, он адам үйқамақта отыр.

Айыпталушылар арасында Әндіжан облысы әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы, Әндіжан қаласының басшысы қызметтерін атқарған Бахромжон Хайдаров, Әндіжан облысы халық білімі басқармасын басқарған Әзізбек Миркамилов және басқа да шенеуніктер бар.

Қылмыстық іске қатысты алғашқы сот отырысы биыл 18 шілдеде өткені мәлім.

Сот 12 қыркүйекке дейін үзіліс жариялады.

XS
SM
MD
LG