Ссылки доступа

Түркіменстан Тәжікстанда түркімен мектебін салады


Түркіменстан Тәжікстанның Хатлон облысы Дусти ауданында орта мектеп салады. Мемлекеттік ақпарат құралдарының 8 қыркүйекте жазуынша, 540 оқушыға арналған мектеп Эргаш Сұлтанов диқаншылар бірлестігінде бой көтереді. Мектеп түркімен ақыны Махтумкули есімімен аталады.

"Түркіменстан" газетінің мәліметінше, Құрылыс және сәулет министрлігі Тәжікстанда салынатын орта мектеп құрылысына халықаралық тендер жариялады. Құрылыс ұйымдарының өтініштері 21 қазанға дейін қабылданады.

Төрт жыл бұрын Құрылыс министрлігі дәл осындай тендер жариялаған. Сол кезде түркімен мектебі Тәжікстанда неге салынбай қалғанын билік түсіндіріп жатпады.

Тәжікстанның Дусти ауданында үлкен түркімен диаспорасы тұрады. Олар тілін, мәдениетін, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарын сақтап қалған. Тәжікстанның оңтүстігіндегі бұл ауданда 10 мыңнан астам түркімен бар.

XS
SM
MD
LG