Заң жобасының негіздемесінде хирургиялық кастрация ер азаматтың жыныс мүшесін алып тастау үшін жасалатыны жазылған. Бұның алдында күдіктінің психикалық жағдайын бағалауға арналған сараптама міндетті түрде жүргізіледі.
"Сот мұндай шешімді псизиатр дәрігерлердің комиссиясы шығарған қорытындыға сүйене отырып қабылдайды", - дейді заң жобасының авторы.
Ұлан Бакасов 14 жасқа толмаған баланы зорлаған немесе зорлық көрсеткендерді түрмеде ұстау мерзімін 20 жылға дейін созуды ұсынды. Кастрациядан бас тартқандарға тағы екі жыл берілуі мүмкін.
Бұның алдында депутат Дастан Бекешев педофилдерге химиялық кастрация жасау туралы заң жобасын ұсынған, алайда Бакасов мұндай әдіс педофилиямен күресте пайдасы шамалы деп есептейді.
ІІМ мәліметінше, 2021 жылы зорлау қылмысына қатысты 604 оқиға тіркелсе, істің 325-і немесе 53 пайызы қылмыс құрамы жоқтығына байланысты тоқтатылған.
Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, 2021 жылы балаларға зорлық көрсетуге қатысты 3034 дерек тіркелген, солардың шамамен 500-де кәмелет жасқа толмаған бала зорланған.