Ссылки доступа

Тәжікстан мен Қытай арасындағы сауда 7 айда $766 млн болды


Тәжікстан мен ҚХР арасындағы сауда айналымы 2022 жылдың жеті айында шамамен 70 пайызға ұлғайып, 766 млн доллардан асты.

Тәжікстан экономикасын дамыту және сауда министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанның сыртқы сауда айналымындағы Қытай үлесі 18,5% болды- үшінші ірі көрсеткіш.

Тәжік-қытай үкіметаралық комиссиясының 12-бірлескен жиналысында тәжік тауарларын Қытайға экспорттау биыл жарты жылда 3,7 есе өскені айтылды, деп хабарлады "Ховар".

Ал қытай тауарларының импорты шамамен 35 пайызға өсіп, 521 млн доллардан асқан.

Қытай Тәжікстанның ең ірі үш сауда әріптесінің бірі.

Тәжікстан қаржы министрлігінің мәліметінше, Тәжікстанның сыртқы қарызы 2022 жылғы 1 қаңтарда $3,2 млрд болды. Басты кредитор саналатын Қытай Тәжікстанға $1,39 млрд берген. Бұл - Тәжікстанның сыртқы қарызының 34 пайызы.

XS
SM
MD
LG