Ссылки доступа

Сотталған белсенді Зубайдуллохи Розик діни ілімі үшін тағы айып изоляторына түсті


Зубайдуллохи Розик. Архивное фото
Зубайдуллохи Розик. Архивное фото

Тәжікстан ислам өркендеу партиясының қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан 80 жастағы белсендісі Зубайдуллохи Розик айып изоляторына тағы 15 тәулікке жабылды.

Вахдат колониясының хабарлауынша, жазасын өтеуші камераластарының біріне заңсыз діни білім берген. Айып изоляторына түскен адамның құқығы шектеледі.

Қатаң режимдегі колонияның бір жауапты жұмысшысы 8 қыркүйекте Озоди радиосына Зубайдуллохи Розик түрме тәртібін бұзғаны үшін 15 тәулікке карцерге жабылғанын растады.

"Біз молда Зубайдуллохты құрметтейміз. Намаз, дұға оқыңыз, бірақ колонияда дін үйретуге болмайды деп талай ескерттік. Алайда ол бізді тыңдамады. Өткен аптада ол тағы заң бұзды", дейді колония жұмысшысы.

Шілде айында Зубайдуллохи Розикті 15 тәулікке карцерге қамаған. Бір аптадан соң оның денсаулығы нашарлап, жазасын өтеушіні қарапайым камераға қайтарды. Дін қызметкері түрменің қай тәртібін бұзғаны белгісіз.

Зубайдуллои Розик 2015 жылы кұзде Тәжікстан ислам өркендеу партиясының басқа да мүшелерімен бірге ұсталды. 2016 жылы Розик 25 жылға сотталды.

XS
SM
MD
LG