Ссылки доступа

Қырғызстанның мәдени күндері Қазақстан мен Өзбекстанда өтеді


Қазан айында Қазақстанда Қырғызстанның мәдени күндері өтеді.

Қырғызстан мәдениет министрі Шыңғыс Есенгул уулу 10 қыркүйекте Қазақстан мәдениет және спорт министрінің өкілі Роза Кәрібжановамен кездесіп, екіжақты әріптестік пен алдағы шараларға дайындық мәселелерін пысықтады. Бұл туралы Қырғызстан министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу Нұр-Сұлтанда ТМД елдерінің мәдени әріптестігі кеңесі аясында ұйымдастырылды. Қазақстан жағы Қырғызстан мәдениет қайраткерлерін "Әлем сазы" халықаралық мәдениет фестиваліне қатысуға шақырды.

Сонымен бірге, биыл қараша айында Өзбекстанда Қырғызстанның мәдени күндері өтеді. Шыңғыс Есенгул уулу Нұр-Сұлтанда Өзбекстан мәдениет министрі Мұроджон Межидовпен кездесіп, алдағы шараға дайындық мәселелерін пысықтады.

XS
SM
MD
LG