Ссылки доступа

Ош-Әндіжан бағытында шағын автобустар қатынай бастады


9 қыркүйектен бастап Қырғызстанның Ош қаласы мен Өзбекстанның Әндіжан қаласы арасында шағын автобустар қатынай бастады. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне Ош облысының әкімдігі хабарлады.

Көрші елдердің екі қаласы арасындағы автобус қатынасы 2019 жылы күзде ашылған, бірақ бірнеше айдан соң коронавирус індетіне байланысты тоқтап қалған. Мәліметке қарағанда, Ош пен Әндіжан арасныда онға жуық жақын автобус жүріп тұр. Шекарадан өтуді тездету үшін "жасыл дәліз" ашылған. Қалалар арасы 45 шақырым.

Биыл шілде айында Қырғызстанның Өзбекстандағы елшісі Мұса Жаманбаев Өзбекстан көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті. Олар көлік пен логистика салаларындығы әріптестікті дамыту мәселелерін, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы құрылысының жобасын талқылады.

Бұған қоса, Үш-Қорғон —Дароот-Қорғон жолын салу, "Қаракөл – Ташкент – Қаракөл" халықаралық автобус қатынасын ашу мәселесі сөз болды. "Ташкент – Балықшы" жолаушы пойызын қайта қосу туралы да ұсыныс айтылды.

XS
SM
MD
LG