Ссылки доступа

Әзербайжанда тәуелсіз редактор мен адвокат 4 айға қамауға алынды


Әзербайжанның тәуелсіз жаңалықтар каналының бас редакторы мен танымал адвокат пара алды деген күдікпен төрт айға қамауға алынды.

11 қыркүйекте Баку соты "Хурал" телеканалының бас редакторы Авяз Зейналлы мен танымал құқық қорғаушы Эльчин Садыговқа қатысты сот отырысын өткізіп, төрт айға қамау туралы шешім шығарды.

Жергілікті билікшіл БАҚ Зейналлыны кәсіпкер Расим Мамедовтан пара алды деп айыптаған. "Бас редактор кәсіпкерге қатысты сыни мақаланы жарияламау үшін ақша бопсалаған" дейді. Араларында делдал болып кәсіпкердің адвокаты Садыгов жүрген деп айтылды. Садыгов пен Зейналлы өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Екеуі де сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Расим Мамедов - Baku Steel Company компаниясының жетекшісі. 2021 жылдың ақпан айында ол 32 миллион доллар жымқырды деген күдікпен ұсталған. Мамедовтың адвокаты Садыгов бұл айыптауларды да теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG