Ссылки доступа

Тәжік фильмі Қазан кинофестивалінде жеңіске жетті


Умедшо Мирзоширинов
Умедшо Мирзоширинов

Тәжік режиссері Умедшо Мирзошириновтің "Періштенің ағасы" туындысы XVIII Қазан халықаралық мұсылмандар кинофестивалінің ең үздік қысқаметражды фильмі сыйлығын жеңіп алды.

26 минуттық фильм авторының айтуынша, бұл туынды тәжік жазушысы Сайф Рахимзода Афардидің осы аттас шығармасы желісінде түсірілген. Фильм қиялы ұшқыр бес жастағы бала туралы.

"Фильм кейіпкері - бес жастағы баланың қарындасы дүниеге келген сәтте шетінейді. Үлкендердің әңгімесінен ол жаңа туған нәресте тірі қалсын десе үлкен ағасының аяғын күйдіру керек делінетін ескі аңызды естиді. Бала оттан қатты қорықса да осындай әрекетке бел буады", - дейді режиссер.

Қазан халықаралық мұсылмандар кинофестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 11 қыркүйекте өтті.

"Қуаныштымыз. Тәжікстандықтардың бәрі қуанады деп ойлаймын. Қазылар алқасы 12 қысқаметражды фильм арасынан біздің жұмысты үздік деп таныды", - дейді Умедшо Мирзоширинов.

Қазан кинофестивалінің Бас жүлдесі иран режиссері Нахид Хассанзаденің "Үнсіз атақ" фильміне бұйырды.

XS
SM
MD
LG