Ссылки доступа

Өзбек консулы: Ташкент ресейліктер үшін транзит хабына айналуы мүмкін


Өзбекстан Орал федералды округы мен бүкіл Ресейдегі саяхатшылар үшін Стамбұлдың орнына жаңа транзит хабына айналуы мүмкін.

Өзбекстанның Екатеринбургтегі бас консулы Абдусалом Хатамов ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осындай пікір айтты.

"Өзбекстан ресейлік туристер үшін көпшілікке таныал демалыс орны ғана емес, жаңа транзит хабына айналуы мүмкін. Ол саяхатшылар жиі тұрақтайтын Стамбұлды алмастыра алады", – дейді консул.

Өзбек дипломатының айтуынша, Орал федералды округындағы Екатеринбург, Челябинск және Түмен қалаларынан өзбектің Бұхара, Навои, Самарқанд, Ташкент және Наманган қалаларына тікелей рейс бар. Бұған қоса, Нижневартовск қаласы мен Ферғана қаласы арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі шешіліп жатыр, деді Хатамов.

Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері Батыс елдері Ресеймен әуе қатынасын үзді. Соған байланысты Түркия ресейліктер үшін үшінші бір елдерге бару жолындағы транзит нүктесіне айналды.

XS
SM
MD
LG