Ссылки доступа

Өзбек шаруалары мемлекетке қарасты егістік жерлерін 30 жылға жалға ала алады


Өзбекстан президенті "Тұрғындар табысын диқан шаруашылықтарын құру арқылы ұлғайтудың қосымша әдістері туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

Құжатта елдімекендерге жақын, сумен қамтылған, мақта мен бидай егістіктерінен босаған жерлер сипатталған. 2022 жылдың аяғына дейін диқандарға 100 мың гектар, 2023 жылы тағы 95 169 гектар егістік алқабы 30 жылға жалға беріледі.

Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында 0,15 гектардан 1 гектарға дейін, ал басқа облыстарда 0,30 гектардан 1 гектарға дейін, Қарақалпақ Республикасында 0,30 гектардан 2 гектарға дейінгі аралықтағы егістік жерлері тұрғындарға таратылады.

"Темір дәптер", "Әйел дәптері" және "Жастар дәптеріне" кірген азаматтар жер телімдерін байқау арқылы ала алады. Олар бұл дәптерлерден шығарылмайды: жеңілдіктер мен артықшылықтар бір жыл бойы сақталады.

XS
SM
MD
LG