Ссылки доступа

Қырғыз министрі Бекмұрзаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалды


Қырғызстан энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметін хабарлады.

Басты құзырлы органның мәліметінше, Энергетика министрлігінің басшысы мемлекет бюджетінің қаражатын министрлікте істемейтін беймәлім адамдардың іс-сапарларына жұмсаған. Сол арқылы Бекмұрзаев мемлекетке көп шығын әкелді, деп хабарлады Бас прокуратура.

Бұған қоса, тергеу нұсқасы бойынша, Бекмұрзаев "Ыстық бұлақ" сауықтыру кешенінің құрылысы барысында 15 млн сом шығын әкелген.

"Энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаевтың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекет пен жеке тұлғалардың мүддесіне зиян келді", - деп хабарлады құзырлы орган.

Бекмұрзаев Энергетика министрі қызметіне 2021 жылғы 8 маусымда тағайындалды. Бұған дейін ол министрдің орынбасары қызметін атқарған, 2001 жылдан бері энергетика саласында жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG