Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі: кәсіпкер Абдуллаев ісі аясында бюджетке 800 млн сом аударылды


Заңсыз қару-жарақ пайдаланды деген күдікпен ұсталған кәсіпкердің ісі аясында республика бюджетіне 800 млн сомнан аса қаражат аударылды. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметінше, "тағайындалған сараптамалар нәтижесі тағылған айыптардың растығын дәлелдеген".

"Айыпталушы бастамасымен кінәсін мойындайтыны туралы келісім жасалды. Қылмыстық істі тергеу аяқталды, материалдар Бішкектің 1-май аудандық сотына жолданды. 12 қыркүйекте сот "Ж.А." есімді айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 100 мың сом көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады арнайы қызмет.

Мәліметке қарағанда, кәсіпкерді ұстаған уақытта тәркіленген 800 млн сомнан астам ақша, сонымен бірге қару-жарақ, әскери техника мемлекет меншігіне өткен. Кәсіпкер "ол ақшаның қайдан келгенін түсіндіре алмады" дейді ҰҚМК. Ақша республика бюджетіне жолданды, қару-жарақ пен техника Ішкі істер министрлігіне тапсырылды.

Кәсіпкер Журат Абдуллаев 19 тамызда ұсталды. Оның меншігінде әскери танкт пулеметі орнатылған бронды барлау автокөлігі, қару-жарақтың түр-түрі болған.

XS
SM
MD
LG