Ссылки доступа

Өзбек банктері шетел азаматтарына карта беру тәртібін күшейтті


12 қыркүйектен бастап Өзбекстандағы банктердің кем дегенде екеуі шетел азаматтарына банк картасын беру тәртібін күшейтті.

"Капитал" банктің хабарлауынша, "студент", "ресми жұмысқа тұрған", "республикада кем дегенде 15 тұрған" шетел азаматтарына ғана банк есебі ашылады. Резидент еместерге банк картасын беру тәртібін "Ипак Йули" банкі де күшейтті. Жаңа ережеге сәйкес, енді банк есебін Ташкенттегі бас кеңседе ғана аштыруға болады.

Ресей Украина аумағына басып кірген соң, Батыс елдерінің дені Мәскеуге қатаң санкциялар салды. Ресей банктері шектеуге тап болды: соның салдарынан ресейліктер шетелде банк карталарымен есептесе, басқа да шетел қызметтерін төлей алмай қалды. Соған байланысты ресейліктердің дені санкцияларды айналып өту жолдарын қарастырып жүр. Олар ТМД елдеріне, Түркияға және басқа да елдерге банк карталарын рәсімдеу үшін барады. "Карта аштыру туризмі" Орталық Азияның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінде дамып жатыр.

Бұған дейін Өзбекстан банктерінде карта аштыру үшін жергілікті сим-карта, жергілікті қонақ үйлердің бірінде тіркелу жеткілікті болған.

Өзбекстан Орталық банкінің басқарма төрағасы Мармаризо Нұрмұратовтың хабарлауынша, 2022 жылдың басынан бері шетел азаматтарының елде банк есебін аштыру көрсеткіші 15-20 пайызға артып, 169 мыңға жеткен. Оның айтуынша, Өзбекстандағы ресейліктердің есептерінде шілде айының басында шамамен 115 млн доллар сақталған.

XS
SM
MD
LG