Ссылки доступа

Тәжікстанда 1 қазаннан бастап жарық қымбаттайды


Тәжікстанда 1 қазаннан бастап электр қуатының тарифі көтеріледі, "ТАЛКО" тәжік алюминий компаниясы ғана жарықты арзан бағаға сатып ала алады. Үкімет тарифті көтеру туралы жарлықты 31 тамызда қабылдап қойған.

13 қыркүйекте ғана ресми түрде жарияланған құжатқа сәйкес, тұрғындар электр қуатының әрбір квтс-на қазаннан бастап 26,51 дирам (2,5 цент) төлейді. Қазір 1 кВтс 22,66 дирам (2,3 цент) тұрады.

Құжатта "ТАЛКО" алюминий зауыты ғана жарық үшін жеңілдігі бар ақы төлейтіні айтылған. Өнеркәсіп орындары қазаннан бастап 60,65 дирамнан, бюджет ұйымдары мен кәсіпорындары 26,51 дирамнан, су айдайтын станциялар жазда 9,2 дирамнан, қыста 26,51 дирамнан төлейді.

Бұның алдында мамандар мен тұрғындар "ТАЛКО" зауытына төмен тариф белгіленгеніне наразы болған. Алайда зауыт өкілдері электр қуатын көтерме бағамен сатып алатынын, сол себепті төмен тарифпен төлеуге құқығы барын мәлімдеген.

Тәжік металлургия комбинаты да электр қуатын жаз кезінде жеңілдігі бар бағамен төлейді. Басқа да өнеркәсіптер 1 қазаннан бастап 60,65 дираммен есептесе, тәжік металлургия комбинаты жазда 10,64 дираммен есеп айырысады.

Ресми мәлімет бойынша, "Фароз" компаниясы - Тәжік металлургия зауытының басты клиенті. Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу жөніндегі журналистік орталық (OCCRP) 2018 жылғы репортажында "Фароз" компаниясы Тәжікстан президентінің күйеу баласы Шамсулло Сохибовке тиесілі екенін хабарлаған.

Тәжік билігі әзірге электр қуаты тарифін көтеру себебін түсіндірмеді. Соңғы мәрте республикада жарық бағасы 2019 жылғы шілдеде көтерілген.

XS
SM
MD
LG