Өзбекстанның жергілікті басылымдарында жарияланған мақалада Си Цзиньпин 2021 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 8 миллиард доллардан асқанын, ал 2022 жылдың алғашқы жартысында 5 миллиард долларға жеткенін хабарлады.
Мақалада Өзбекстан мен Қытай "Бір белдеу - бір жол" және басқа да жобалар аясында тығыз әріптестік орнатқаны айтылған.
Бұның алдында хабарланғандай, Қытай басшысы Си Цзиньпин 14-16 қыркүйек аралығында мемлекеттік сапармен Өзбекстанда болады, сонымен бірге Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.