Ссылки доступа

Тәжік журналисі, арнайы қызмет полковнигі Мұхаммади Сұлтон 7 жылға сотталды


Мамадсултон Мавлоназаров (Мухаммади Султон), журналист и экс-сотрудник органов госбезопасности Таджикистана

Душанбе қаласы Сино аудандық соты Тәжікстан мемлекеттік қауіпсіздік органының бұрынғы қызметкері, журналист Мамадсұлтон Мавлоназаровты (Мұхаммади Сұлтон) жеті жылға соттады.

Мавлоназаровтың туыстарының хабарлауынша, үкім 13 қыркүйекте оқылған. Сот Мамадсұлтон Мавлоназаровты конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге үндеді, билік өкіліне тіл тигізді деп таныды.

"Қарт кісіге шығарылған үкімді тым қатал деп есептейміз. Оның кінәсі сотта дәлелденген жоқ", дейді сотталушының жақын туыстарының бірі.

Сот қарсаңында Мамадсұлтон Мавлоназаров тағылған айыптарды жоққа шығарып, өзін кінәлі санамайтынын мәлімдеген. Оны 16 маусымда Душанбедегі пәтерінде ұстады.

72 жастағы Мамадсұлтон Мавлоназаров 70-жылдары "Комсомоли Точикистон" ("Тәжікстан комсомолы") жастар газетінде істеген, кейін Тәжікстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрған. Мавлоназаров кейінгі жылдары фейсбукте Тәжікстан ҰҚМК басшылығын жиі сынап жүрді.

Тәжікстан билігі оның әлеуметтік желілердегі сынына жауап бермеді. Арнайы қызметтің бұрынғы өкілін не себепті жазалағаны әзірге белгісіз. Мұхаммади Сұлтон тәжік күш құрылымдарының Таулы Бадахшан автономиялы облысының Рушан ауданындағы "терроризммен күрес операциясына" қарсы шыққаны мәлім. Ресми мәлімет бойынша, "арнайы операция" кезінде 16 адам өлді, ал тәуелсіз дереккөздер қырық шақты адам қырылды деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG