Ссылки доступа

Өзбекстанда инновациялық вакцина орталығы құрылады


Ташкент облысында Орталық Азиядағы ең алғашқы Вакцина өндірісі жөніндегі инновациялық орталық ашылады. Жоба құны - 100 миллион доллар.

13 қыркүйекте Самарқанд қаласында Инновация министрлігі Luye Investment Group Co., Ltd компаниясымен Ташкент облысында Вакцина өндірі жөніндегі инновациялық орталық ашу туралы меморандумға отырды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

100 млн доллардың жобасы 2023-2028 жылдарды қамтиды. Компанияның ресми өкілі Лю Дяньбо Өзбекстанның коронавирусқа қарсы вакцина жасау жөніндегі жұмыстарын жоғары бағалады.

"Инновациялық вакцина орталығы — республика мен ТМД елдерінің нарықтарына жоғары сапалы өнім ұсына алатын Орталық Азиядағы жалғыз биотехнологиялық кәсіпорын. Жоба аясында жылына 2 млрд доллар тұратын он түрлі вакцинаның 200 млн дозасы өндіріледі", - деп деп хабарлады инновация министрлігі.

XS
SM
MD
LG