Ссылки доступа

Қырғыз прокуратурасы энергетика саласында 889 млн сом ұрланғанын анықтады


Қырғызстан Бас прокуратурасы Энергетика министрлігі мен оған қарасты бөлімдерді тексеру кезінде көптеген заңбұзушылық анықтады. Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, энергетика министрлігінің кейбір қызметкері мемлекетті ірі көлемде шығынға батырған, прокуратура соған қатысты 132 акт толтырып, 22 млн 150 мың сомды бюджетке қайтарды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, энергетика министрлігі мен оған қарасты бөлімдердің жауапты қызметкерлеріне қатысты 32 қылмыстық іс қозғалды. Олардың заңсыз әрекетінен мемлекет жалпы көлемі 889 млн 54 мың сом шығынға батқан.

Сонымен бірге, энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаев 2021 жылы Салық қызметіне өткізген табыс туралы декларациясында жалған мәлімет көрсеткені анықталды. Министр "кейбір жылжымайтын және жылжымалы мүлкін көрсетпеген".

13 қыркүйекте Бас прокуратура энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаевтың үстінен екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Досқұл Бекмұрзаев қылмыстық істерді министр атына "кір келтіру" әрекеті деп сипаттаған.

XS
SM
MD
LG