Ссылки доступа

Түркия Ашғабат сұрауымен түркімен азаматтары үшін визасыз жүйені алып тастады


Түркия Түркіменстан азаматтары үшін визасыз жүйені алып тастады. Түрік президенті Режеп Тайип Ердоған 13 қыркүйекте үкіметтің осындай жарлығына қол қойды.

Қыркүйектің басында Түркіменстан сыртқы істер министрлігі Анкарадан түркімен азаматтары үшін "уақытша" виза жүйесін енгізуді сұрағанын мәлімдеген.

Түкияда тұрып жатқан түркімен азаматтарының дені биліктің бұл әрекетін осы елдегі түркімен құқық қорғаушыларына бақылау орнатуға талпыныс деп қабылдады.

Бұған дейін түркімен азаматтары Түркияда визасыз 30 күн бойы еркін жүріп-тұра алатын, жұмысқа орналасып немесе ұзақ мерзімге виза аштыру арқылы осы елде қалуын оңай заңдастыратын.

Түркия мемлекеттік көші-қон қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте елде 230 мыңға жуық түркімен азаматы болған. Бейресми мәлімет бойынша, Түркиядағы заңсыз түркімен мигранттарының саны әлдеқайда көп.

Үш ай бұрын Түркиядағы түркімен азаматтарының тобы Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов пен басқа да лауызым иелерінің үстінен адам құқықтарын өрескел бұзғаны үшін сотқа шағым түсірген.

Өткен айда бес түркімен құқық қорғаушысы Стамбұлдағы түркімен консулдығында шабуылға ұшырады. Елдегі адам құқықтарының жағдайына наразы топ президент Сердар Бердымұхамедовқа хат тапсыруға тырысқан.

Түркияда тұратын түркімен азаматтары Түркіменстан билігінің қысымына шетелде жүрсе де жиі ұшырайтынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG