Ссылки доступа

Ресей Тәжікстан мен Қырғызстанға шекара мәселесін шешуге көмектескісі келеді


Ресей Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында қалыптасқан "күрделі ахуалды" жіті бақылап отыр. Кремль қос тарапты жағдайды саяси-дипломатиялық жолмен реттеу үшін қолдан келер шараның бәрін жасауға шақырды.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, "шекара мәселелерін шешуде тәжірибесі мол" Ресей тараптарға күрделі жағдайдан шығудың өзара тиімді жолын табуға көмектесуге дайын.

14 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараның үш жерінде атыс болды. Тараптар шабуылды бірінші бастады деп бір-бірін айыптады.

Қырғыз жағы шекарадағы атыста бес адам жараланғанын хабарласа, тәжік жағы екі шекарашы мерт болғанын, 11 адам жараланғанын мәлімдеді.

15 қыркүйекте таңертең, Қырғызстан Шекара қызметінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай айтарлықтай тұрақты деп сипатталды. Түн тыныш өтті, атыс болмады. Тараптар түнде шекарадағы қосымша күштерді шығару жұмысын аяқтады.

XS
SM
MD
LG