Ссылки доступа

Украина: Мәскеу Тәжікстандағы қару-жарақ қорын соғыста пайдалануды көздейді


Эмомали Рахмон и Владимир Путин в Душанбе. Июнь, 2022

Украин билігінің мәлімдеуінше, Ресей Орталық Азия елдеріндегі, соның ішінде Тәжікстандағы ресейлік әскери базада қызмет атқаратын жауынгерлерін соғысқа жіберуді көздейді.

Украина қорғаныс министрлігіның Барлау қызметі бас басқармасы 13 қыркүйекте Telegram'дағы парағында "Кремль Орталық Азия елдерінің ресурстарын Украинаға қарсы соғыста қолдануға талпынып жатыр. Ең әуелі Ресейді совет заманынан қалған қару-жарақ қоры мен әскери техника бөлшектерін пайдалануға мүдделі" деп жазды.

Украина барлау қызметінің мәліметінше, жақында Ресейдің әскери-техникалық әріптестік жөніндегі федералдық қызметі Тәжікстанның қорғаныс министрлігінен совет заманының "Ураган" дүркін-дүркін оқ жаудыру реактивті жүйесін беруін сұраған.

Бұған қоса, ресейліктерді Тәжікстанның әскери қоймаларында толып жатқан"Пион" пушкасының бөлшектері, БМП-1 және БМП-2 қозғалтқыштары қызықтырады.

Сонымен бірге, Тәжікстан ішкі істер министрлігінің отставкадағы әскерилері мен қызметкерлеріне Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отыру туралы ұсыныстар түсіп жатыр.

Тәжікстан қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Фаридун Махмадәли 14 қыркүйекте бұл мәліметті растамады, бірақ жоққа да шығармады. Оның айтуынша, бұл сұраққа жауап беру құзыреті сыртқы істер министрлігіне жатады. Ал республиканың сыртқы істер министрлігі қойылған сауалға жауап бермеді.

2014 жылы Ресей Тәжікстанға 70 млрд рубль көлемінде әскери-техникалық көмек көрсетуге уәде берген. Уәденің қаншалықты орындалғаны белгісіз, бірақ дереккөздер Ресей совет заманынан қалған қорын Тәжікстанға берді деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG