Ссылки доступа

"Құмтөр Голд Компаниді" сырттай басқарған Теңіз Бөлтүрүк 10 қарашаға дейін абақтыда отырады


Бішкек қаласының Октябрь аудандық соты "Құмтөр Голд Компани" жабық акционерлік қоғамының бұрынғы сырттай басқарушысы Теңіз Бөлтүрүкті 10 қарашаға дейін ҰҚМК тергеу изоляторында ұстау туралы шешім шығарды.

Мәліметті оның адвокаты Қайсын Абакиров Азаттықтың Қырғыз қызметіне растады.

Дәл осындай бұлтартпас шарасы қылмыстық істегі екі күдікті - Айша-Гүл Фронтбек қызы Жаналиева мен Рыспек Тоқтоғұловқа қолданылады.

23 тамызда "Құмтөр Голд Компани" компаниясының сырттай басқарушысы Теңіз Бөлтүрүк пен қаржы директоры Рыспек Тоқтоғұлов қызметтен босағаны мәлім болды. Мұндай шешімге Есеп палатасының компаниядағы тексеруі себеп болған. Палата компанияда қаражат ұрланғанын анықтаған.

Тексеруден кейін Бас прокуратура 13 қыркүйекте үш қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасы бойынша, компания мемлекетті 1 миллиард сом көлемінде шығынға батырған.

Бөлтүрүк тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

"Маған тағылған айыптардың бәрі жалған, ақылға қонымсыз. Мен екі ірі компанияда менеджер болып істедім, сонымен бірге заңгер қызметімен айналыстым. Жұмысым көп болды, сол себепті бәрін бақылауда ұстауға мүмкіндігім болмады. Кейбіреулер шынымен жемқорлықпен айналысты, олардың жарымы елден кетіп қалды. Айыптардың бәрін маған жаба салуға болмайды. Ел үшін қолымнан келгеннің бәрін істедім. Тазамын, айлыққа жұмыс істедім, лас ақша алмадым. Ендігі жағдай мені шошытады", - деді ол 15 қыркүйекте бұлтартпас шарасы қаралған сот отырысында.

XS
SM
MD
LG