Ссылки доступа

Мирзияев пен Жапаров: Қамбарата-1 ГЭС-нің құрылысын тезірек бастау қажет


Өзбекстан мен Қырғызстан басшылары Самарқандағы келіссөздер барысында "Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан" темір жолы мен Қамбарата-1 ГЭС-нің құрылыстарын мүмкіндігінше тезірек бастау қажет екенін мәлімдеді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ШЫҰ-ның Самарқандағы саммитіне қатысуға келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті, деп Газета.уз мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Президенттер екі елдің қарым-қатынасының даму көрсеткішін жоғары бағалады. Өзара сауда айналымының көлемі жыл басынан бері 30 пайызға артқан.

Өнеркәсіп, энергетика, ауыл және су шаруашылықтары, көлік салаларындағы бірлескен жобалар жүзеге асып жатыр, ал аймақаралық және мәдени-гуманитарлық байланыстар нығайып келеді.

Мемлекет басшылары "Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан" темір жолы мен Қамбарата-1 ГЭС-нің құрылыстарын тезірек бастау аса маңызды екенін атап өтті. Темір жол құрылысына қатысты келісім Самарқанда қабылданды.

Еске салайық, Өзбекстан мен Қырғызстан бұның алдында Қамбарата-1 ГЭС-ін Қырғызстан аумағында салу жөніндегі инвестициялық жобаны бірге дайындау туралы келісімге қол қойған.

XS
SM
MD
LG