Ссылки доступа

Ферғана облысындағы балабақшада жиырма шақты бала уланды


14 қыркүйекте кешке Өзбекстанның Ферғана облысында № 39 балабақшаға барып жүрген сегіз бала іші өтіп ауруханаға түсті.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қазір науқастардың жағдайы жаман емес.

Мәліметтерге қарағанда, 15 қыркүйекте Ферғанадағы балабақшаға баратын 33 бала медициналық тексеруден өтті, жиырмасы дәрігерлер бақылауында қалып, 13 бала үйіне қайтты.

"Балабақшадағы ахуал бойынша Алтыарық ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп жатыр, сараптама үшін сынамалар алынды, сот сараптамалары тағайындалды", - деп хабарлады облыстық прокуратура.

XS
SM
MD
LG