Ссылки доступа

Еуроодақ Алишер Усмановтың қарындасын санкция тізімінен алып тастады 


Ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың қарындасы Саодат Нарзиева Еуроодақтың санкциялар тізімінен алынып тасталды. Осылай деп The Guardian басылымы жазды. 

Саодат Нарзиева Ресейдің Украинаға қарсы соғыс ашуына байланысты ондағы шенеуніктер мен олигархтардың туыстарымен бірге сәуір айында Еуроодақтың санкциялар тізіміне ілінген.

Усманов пен Нарзиева сәуір айында санкцияны алып тастауды талап етіп, Еуроодақ сотына жүгінген. Сот Нарзиеваның пайдасына шешім қабылдағанымен, Усманов "қара тізімде" қалған.

Сонымен бірге ол тізімнен қайтыс болған ресейлік саясаткер Владимир Жириновский мен қаржыгер Михаил Фридманның бұрынғы әйелі Ольга Айзиманды шығарылған.

XS
SM
MD
LG