Ссылки доступа

Қырғызстан президенті Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысымен кездеседі


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жұмыс бабымен Нью-Йорк қаласына ұшып келді. Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, мемлекет басшысы "БҰҰ Бас ассамблеясының дебаттарына қатысып, ұйымның хат хатшысы Антониу Гутерришпен кездеседі, сонымен бірге тағы бірқатар лауазым өкілдерімен келіссөз жүргізеді".

17 қыркүйекте Қырғызстан сыртқы істер министрлігі ведомство басшысы Жээнбек Кулубаев Антониу Гутерришпен телефонмен сөйлесіп, оған қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуалды түсіндіргенін хабарлаған.

Министрлік мәліметінше, Гутерриш Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен 20 қыркүйекте Нью-Йоркте кездесуге дайын екенін растап, мәселені Тәжікстан сыртқы істер министрімен де талқылайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG