Ссылки доступа

Душанбеде журналист Абдулла Гурбатидің соты басталады


Қамаудағы тәжік журналисі Абдулла Гурбатидің соты 21 қыркүйекте Душанбе қаласының Шахмансұр ауданындағы сотта басталады. Бұл туралы адвокат Абдуррахман Шарипов хабарлады.

Сот ашық не жабық өтетіні әзірге белгісіз. Абдулла Гурбати ісі бір ай бұрынға сотқа түскен.

Азаттықтың Тәжік қызметінің мәліметінше, Абдулла Гурбатиге үш түрлі айып тағылған – "билік өкіліне тіл тигізу, билік өкіліне күш қолдану және тыйым салынған ұйым қызметіне араласу".

Айыптардың алғашқы екеуіне айыппұл салу қарастырылған, ал тыйым салынған ұйымға мүше болу айыбы бойынша бес жылдан сегіз жылға соттауы мүмкін.

Сенімді дереккөздер мәліметінше, Абдулла Гурбати тергеу кезінде тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарды. Журналист Абдулла Гурбатиді 15 маусымда Шахмансұр ауданы прокуратурасының қызметкерлері ұстады.

XS
SM
MD
LG