Ссылки доступа

Тәжікстанда шекарадағы қақтығыста қаза тапқан 59 адамның биресми тізімі жарияланды  


Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыста қайтыс болғандардың бірқатарының суреттері
Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыста қайтыс болғандардың бірқатарының суреттері

Озоди радиосы 14-17 қыркүйекте тәжік-қырғыз шекарасында болған қақтығыс кезінде қайтыс болған 59 адамның тізімін жариялады. Тізім жарияланған кезде ресми және туыстарынан алынған, әлеуметтік желіде жарияланған мәліметтер қолданылды. 

Бұл тізім әлі толық емес. Тәжікстан билігі ресми 41 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген. Бірақ толық аты-жөнін жарияламады.

Озоди радиосының жариялаған тізімі мына жерде.

Тәжікстанның белсенділері тәжік үкіметінен 20 қыркүйекті шекарадағы қақтығыста қаза тапқандарды еске алып, Ұлттық аза тұту күні деп жариялауды сұраған.

Тәжікстан билігі осыған дейін де ешқашан Аза тұту күнін жариялаған емес.

Белсенділер егер билік жазықсыз қаза тапқандарды еске алып, мән бермесе, жастар, әсіресе әскерде борышын өтеп жүргендердің көңілі қалады, армияға барғысы келмейтін болады дейді.

Азаттықтың қырғыз қызметі қырғыз-тәжік шекарасында қайтыс болған 35 адамның тізімін жариялаған.

XS
SM
MD
LG