Ссылки доступа

Қырғызстан президенті Тәжікстанмен шекара бойынша келіссөзге халықаралық ұйымдарды араағайындыққа шақырды 


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров БҰҰ Бас ассамблеясының 77-сессиясында Тәжікстанмен шекарадағы проблемаларды көтерді. 

Жапаров сөзінде ондаған әскер мен бейбіт тұрғындардың өмірін алып кеткен екі ірі қақтығысты еске салды.

"Былтыр және жақында тәжік тарапының заңға қарсы әрекеттерін дәлелдейтін құжаттар бар. Біз бірінші болып шабуыл жасаған емеспіз және жасамаймыз. Біз бейбіт тұрғындарға қарсы оқ атпаймыз. Біз тек тәжік тарапының агрессиясына пайымды жауап беруге тырысып жатырмыз", - деді президент.

Ол тәжік тарапымен кез-келген халықаралық талаптарға сәйкес өркениетті жолмен келісімге келуге дайын екенін жеткізді.

"Көршіміздің соңғы заңға қарсы әрекетінен оларға сенімнің түсіп кетуінен кейін, біз БҰҰ, ЕҚЫҰ және ҰҚШҰ секілді халықаралық ұйымдардың көмегімен келіссөзге келуге дайынбыз", - деді Садыр Жапаров.

Ресми Тәжікстан әзірге қырғыз президентінің мәлімдемесіне жауап бермеді.

14-17 қыркүйекте Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде Қырғызстанның 59 азаматы қайтыс болып, 200-ге жуығы түрлі жарақат алды. Жүзге жуық нысан бүлінген. Шекара бойында тұратын 140 мың адам үйін тастап кеткен.

Тәжікстан тарабы 41 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Бірақ Озоди радиосы қаза болған 59 адамның тізімін жариялады.

XS
SM
MD
LG