Ссылки доступа

Тәжікстанда қамаудағы журналист Далери Имомалиге қосымша айып тағылды 


Тәжік блогері Далери Имомали
Тәжік блогері Далери Имомали

Тәжік блогері Далери Имомалиге қатысты тергеу ісі аяқталды, жақын күндері сотқа беріледі. Осылай деп Адам құқықтарын қорғау жөніндегі тәуелсіз орталық мәлімдеді. 

Бұл орталық журналисті қорғау мақсатында адвокат ұсынған.

Далери Имомалидің адвокаттары Абдурахмон Шарипов пен Саъдулло Каюмзода Душанбенің Шохмансур аудандық прокуратурасына шақырылған.

Олардың айтуынша, тергеушілер Далери Имомалидің заңсыз кәсіппен айналысып келгенін анықтаған, енді оған тағылған айыптар басқа баптармен алмастырылады.

Енді заңсыз кәсіппен айналысты деген бап бойынша журналист үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Билік Далери Имомалидің ісін мемлекеттік құпия ретінде тергеп жатыр. Оған осыған дейін "қылмыс жайлы жалған ақпарат берді, тыйым салынған ұйымдармен байланысы болды" деген айыптар тағылған. Енді оларға "заңсыз кәсіппен айналысу" бабы қосылды.

Далери Имомали өзінің ютуб каналы арқылы еліндегі өзекті мәселелерді көтеріп, хабар таратып келген.

Соңғы үш айда Тәжікстанда жеті блогер мен журналистер ұсталды. Халықаралық сөз бостандығын қорғайтын ұйымдар тәжік билігінен оларды тез арада босатуды талап етіп келеді. Бірақ Тәжікстан билігі жауап берген емес.

XS
SM
MD
LG