Ссылки доступа

Өзбекстанда бір жігітті "гомосексуал" деп жазалғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды (видео)


Жизақта жас жігітті "гомосексуал" деп айыптап, оны өз бетімен жазалағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жизақ облысының ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шараф-Рәшидов ауданы ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлерінің үстінен күдіктіні "өз бетімен жазалағаны үшін" қылмыстық іс қозғалды. Оларды бұзақылық жасады деп айыптады. Алдын ала тергеу жүріп жатыр.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде "Жизақтағы жазалау" деп аталатын ролик тараған. Видеодан бірнеше адамның жас жігітті тергеуге алып, оны "гей" деп айыптап, соққыға жыққанын көруге болады. Жас жігітті жазалуға қатысқандар оны өлтіріп, айдалаға көміп тастаймыз деп қорқытқан.

"Бор Гап" телеграм-арнасының хабарлауынша, бұл оқиға Жизақ облысындағы Ш.Рәшидов ауданына қарасты "Құлама" махалласында болған.

Жизақ облысының ішкі істер басқармасы оқиғаның Шараф Рәшидов ауданында қырқыкүйектің басында болғанын, ал 10 қыркүйекте жәбірленуші Т.З. милицияға шағым түсіргенін хабарлады.

Жизақ облысы басқармасының баспасөз қызметі неге қылмыстық іс оқиғадан он күннен соң, видео әлеуметтік желілерде таралғаннан кейін ғана қозғалғанын түсіндірмеді.

Бұның алдында халықаралық ұйымдар Өзбекстанда отбасындағы зорлық-зомбылық, "өз бетімен жазалау" әрекеттері көбейгеніне алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG