Ссылки доступа

Тәжікстан мен Қырғызстан шекарада арандатты деп бір-бірін айыптауды доғарар емес


Қырғызстан президенті БҰҰ міндерінде Тәжікстанды "агрессор" деп айыптаған соң, 21 қыркүйекте Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Қырғызстанды "арандату әрекеттеріне көшіп", шекарадағы ахуалды одан сайын ушықтырды деп сынады.

Бұл уақытта Қырғызстанның шекара қызметі сәрсенбі күні таңертең шекарадағы жағдайды бірқалыпты деп сипаттап, бірақ "алаңдататын бірнеше жайт бар" екенін хабарлаған.

21 қыркүйекте Тәжікстан сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме таратты. Онда "қырғыз жағы шекарадан әскері мен ауыр әскери техникасын әкеткен сыңай танытып, бірақ оларды Лейлек және он-Алай аудандарының шекараға жақын маңдағы елдімекендерінде жасырып отыр" деп жазылған. Қырғызстан билігі әзірге тәжік министрлігінің ресми мәлімдемесіне жауап қатқан жоқ.

Екі күн бұрын, 19 қыркүйекте, Тәжікстан мен Қырғызстанның қауіпсіздік жөніндегі комитеттерінің басшылары шекарадағы жағдайды реттеу туралы меморандумға қол қойған. Құжат бойынша тараптар әскері мен әскери техникасын шекара аймағынан әкетуі тиіс.

20 қыркүйекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаров БҰҰ Бас ассамблеясында сөз сөйлеп, екі елдің шекарасындағы жанжалды Қырғызстанға жасалған "агрессия" деп атаған.

Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада 14-17 қыркүйек аралығында болған қарулы жанжалдан әр тараптан ондаған адам мерт болды.

XS
SM
MD
LG