Ссылки доступа

Қамаудағы тәжік журналисі Абдулло Гурбати өзіне тағылған айыптарды мойындамады 


Абдулло Гурбати
Абдулло Гурбати

Тәжікстандық журналист және блогер Абдулло Гурбати өзінің ісі бойынша өткен алғашқы сот отырысында милиция қызметкерлеріне зомбылық көрсетпегенін айтып, айыптауларды шетке қақты. 

21 қыркүйекте Душанбенің Шахмансур аудандық сотында басталған отырыста жергілікті милицияның үш қызметкері Абдулло Гурбатиге қарсы өзін сабап, кемсітті деген куәлік берді.

Отырыс жабық есік жағдайында өткендіктен, милиция қызметкерлері сотта қандай зорлық-зомбылық жайында айтқаны белгісіз.

Процесті жүргізетін судья Бехруз Шафо журналистер сұрағына жауап беруден бас тартты. Адвокат Абдурахмон Шарипов журналист өзіне тағылған барлық айыптарды теріске шығарды, мойындамады деп мәлімдеді.

Журналист Абдулло Гурбатибі Душанбе қаласының Шомансур аудандық прокуратура қызметкерлері биыл 15 маусымда ұстап әкеткен. Бастапқыда оған милиция қызметкерлеріне қол көтерді деп, кейін Тәжікстанда тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыруы" партиясымен жұмыс істеді деген айыптар тағылды. Партия басшылары журналистің ешқашан бұл ұйымға мүше болмағанын жеткізген.

26 жастағы Гурбати соңғы үш жылдан бері "Азия Плюс" агенттігі үшін видеоматериалдар дайындап келеді. Бұдан бөлек ол Facebook парақшасына қоғамдағы өткір мәселелерді ашық жазып келген.

XS
SM
MD
LG