Ссылки доступа

Қырғызстаннан Тәжікстанға өткізілген екі тұтқынды Яван түрмесіне жапқан 


 Абдурозик Абдукаххоров
Абдурозик Абдукаххоров

Қырғызстан Тәжікстанға өткеріп берген екі тәжік азаматы – Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусов Хоженттегі уақытша тергеу абақтысынан Яван түрмесіне аударылды. Бұл туралы Озоди радиосы Абдукаххоровтың әйелі Наргис Жабороваға сілтеме жасап хабарлады.  

Юнусов пен Абдукаххоров 2021 жылдағы шекарадағы қақтығыстан кейін Қырғызстанда өмір бойы бас бостандығынан айырылып, жазасы жеңілдетілген соң биыл маусым айында Тәжікстанға жіберілген.

"Олар Яван түрмесіне 17 қыркүйекте аударылып, қазір карантинде жатыр. Өткен аптада президент әкімшілігінен маған хабарласып, Абдурозик пен Асқардың рақымшылығы үшін бірқатар құжаттарды әзірлеуімді өтінген. Мен барлық сұраған құжаттарын бердім. Кеше олардың Хоженттен Яванға аударылғанын білдім. Әлі ешнәрсе түсіне алар емеспін", - дейді Жаборова.

Тамыз айының басында Наргис Жаборова бас прокуратураның өкілдерінің бірі оған екеуінің рақымшылықпен бостандыққа шығатынын жеткізген.

Абдурозик Абдукаххоров пен Асқар Юнусов Тәжікстан азаматтары, бірақ Қырғызстанның Борбордук ауданында тұрады. Борбордук пен Тәжікстанның Хистеварз ауылын бір көше ғана бөліп тұрады. Шекара жабылғаннан кейін, ешкім жолдың екінші бетіне өте алмай қалған.

Абдукаххоров пен Юнусовты Қырғызстанның күш органдары 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында болған шекарадағы қарулы қақтығысқа байланысты ұстаған. Онда Қырғызстан тараптан 36 адам (арасында екі бала) қаза болып, 180-нен астам адам жарақат алған. Жалпы 136 үй, бірнеше мектеп, балабақша және басқа әлеуметтік нысандар өртеніп, қираған.

Тәжікстан 19 адамның қаза тауып, 87-cі жараланды деп хабарлады. Екі өлке бірін-бірі айыптап, қылмыстық істер қозғаған.

XS
SM
MD
LG