Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы сауда бір жылда жеті есе төмендеді


Сгоревшие во время вооруженных столкновений овощи в село Интернационал Лейлекского района. 19 сентября 2022 года.
Сгоревшие во время вооруженных столкновений овощи в село Интернационал Лейлекского района. 19 сентября 2022 года.

2022 жылдың 7 айында Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы бар болғаны 3,2 млн доллар болды. Бір жылда сауда көрсеткіші жеті есе төмендеді. Бұған көрші елдердің қарым-қатынасының суып кетуі себеп болды.

Әсіресе екі елдің шекара бойындағы аймақтары көп зардап шекті. Бұрын мұнда сауда қызып жататын. Қырғызстан көрші елден мақта, көкөніс пен жеміс-жидек алып, оған жанармай, құрылыс материалдарын, халық тұтынатын тауарлар сататын. Шекарадағы қақтығыстар қарулы жанжалдарға ұласатын болған.

2019 жылы Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 67,7 млн доллар болды. 2020 жылы коронавирус індетіне байланысты бұл көрсеткіш екі есе - 37,2 млн долларға дейін төмендеді. 2021 жылы сәуір қақтығысынан соң Бішкек шекараны жауып тастады, ал сауда көлемі 27,9 млн доллар ғана болды.

2022 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 3,2 млн долларға әзер жетті. Бұл - Қырғызстан мен Ауғанстан сауда көрсеткішінен төрт есе аз.

Қытай, Қазақстан және Өзбекстан Қырғызстанның басты сауда әріптестері саналады.

XS
SM
MD
LG